Өңірде қоғамдық көліктегі оқыс оқиғалар мен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Тасымалдаушы» жедел-профилактикалық шарасы жүргізілуде. Полиция қызметкерлері автобус жүргізушілері мен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барын салып жатыр.

Балағат сөздер айту, қоқыс тастау, мас күйінде жол жүру, жүргізушілер тарапынан темекі шегу – мұндай құқық бұзушылықтарға жол беретін жолаушылар жиі кездеседі. Юрий Франц 40 жылдан бері автобус жүргізеді. Жұмыс күні таңғы сағат 5-тен басталады. Қоғамдық көлікті тізгіндеген азамат құқық бұзушылармен бетпе-бет келетін жағдаяттар жиі кездеседі ,-дейді. Ал, ол мұндай сәттерде тәртіп сақшыларына дереу жүгінеді.

Оқыс оқиға болған жағдайда полиция қызметкерлері көмекке келуге дайын. Мамандар жолаушылар мен жүргізушілерге құқық бұзушылық фактілері кезінде “102” арнасына немесе “102” мобильдік қосымшасы бойынша дереу полицияға жүгінуге кеңес береді.

"Тасымалдаушы" жедел –профилактикалық шара аясында тәртіп сақшылары қала тұрғындарына жадынамалар таратып, автобустарда қоғамдық тәртіпті бұзуға тыйым салатын әкімшілік заңнаманың баптарын түсіндірді.

Облыс аумағында профилактикалық шара 11-15 қаңтар аралығында өткізілді. Осы уақыт ішінде полиция қызметкерлері қоғамдық көліктегі тәртіпті күшейтіп, бірқатар бұзушылықтарды анықтады. Ал, кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.