Катонқарағайда «Қонақжай отбасы» жобасы сәтті іске асырылып жатыр. Оған қатысқан оқушылар тек қазақша сөйлейтін шаңырықта тұрып тіл үйреніп, салт-дәстүрмен танысады. Жүзден аса бала жазғы демалысты ауданындағы ауылдарда өткізеді.
Мұндағы балалар ауылдың тыныс –тіршілігімен біте қайнасып, тамақтың құнарлысын тұтынып жүр. «Қонақжай отбасы» жобасына Өскемен, Риддер, Алтай қалалары мен Шемонаиха, Глубокое аудандарынан орыс ұлтының балалары келген. Олар он бес күн бойы Өрел, Берел, Жамбыл, Белқарағай, Катонқарағай ауылдарында тұрып, қазақ тілін үйренеді. Анастасия, Александра, Эвелина есімді үш қыз Берел ауылындағы Әміреновтар отбасына келген.
«Қонақжай отбасы» жобасы 17 модульді қамтиды. Балалар әр уақытын тиімді өткізеді. Қазақтың ұлттық ойындарын ойнап, ән шырқап, нақышына келтіріп би де билейді. Спортпен шұғылданып, түрлі жаттығулар жасайды. Отбасыларды таңдауда да бірқатар жағдай ескеріліп, талаптар қойылған.
Аудандағы 4 қосымша білім беру мекемелері «Қазақша үйренейік» жазғы тілдік лагерін де іске қосқан. Ауданнан музыкалық мектептің мұғалімдері келіп, балаларға ұлттық аспаптарды үйретеді.
Оқушылар мұнда демалып ғана қоймай, күнделікті үйде де, сыртта да қазақ тілін жетілдіру үстінде.
Елизавета мен Аленаның қазақ тілін үйренуге деген құштарлықтары жоғары. Оны өз отбасына алған Жанар Үзембаева бірден аңғарған.
Жоба аясында келген балалардың ата-аналарымен WhatsApp желісінде жеке чат құрып, күнделікті балалармен атқарылған жұмыстардың бейне-ролигі мен фоталары тұрақты жіберіліп отырылады.
Жобаға қатысушылар ыстық ықыластарын білдіріп, жобаға алғыстарын айтты.
Тіл үйренем деген балаларды құшақ жая қарсы алған қонақжай отбасының иелері де жобаға жоғары бағасын беріп үлгерді. Оқушыларға қазақ тілін үйреткен жанұяларға мемлекеттен қаржы төленеді.