Өскемендегі О.Бөкей атындағы кітапханада мамандар жастарға жасанды интеллект пен нейрожеліні қолдануды үйретіп жатыр. Бұл Президент Жолдауынан туындаған елімізде ғылымды дамытуға бағытталған негізгі басымдықтардың бірі. Мемлекет басшысы Жолдауында елдегі іргелі жоғары оқу орындарында жасанды интеллект саласына қажетті мамандар даярлауды, осы ілімді тереңінен зерттеуді баса назарға алуды міндеттеген болатын. Президент пәрменінің аймақта іске асырылу барысы жайлы тілші тарқатсын.

Өскеменде жасанды интеллектті қолданудың жолын көрсететін үйірме ашылғанын естіген Радмир Сидиков бірден білімін жетілдіруге кіріскен. Әр сабақтан қалмаған ол қазір тың дүниені меңгердім дейді. Қазір әлем жасанды интеллектіге баса мән беріп отыр. Оның ішінде Қазақстан да бар. Бұл – өте маңызды бағыт..Сондықтан болашақ ІТ саласының мамандарын жаңа дағдыларға кіші жастан баулу маңызды.

Қазір – цифрландыру дәуірі.Тілімізді цифрлық кеңістікте өркендету қажет.Жасанды интеллектіні барлық салада қолдану арқылы болашақ ұрпақтың дамуына үлес қосу басты мақсатымыз, дейді кітапхана қызметкерлері. Қазір әлемде жасанды интеллект ілімі түрлі өндірісте қолданыла бастады. Сондықтан бұл жаңашылдықты игеру аймақ үшін ғана емес, еліміз үшін де маңызды.