Өңірде жеке іс бастап, кәсібін көркейтіп отырған әйелдер саны артқан. Солардың бірі – Глубокое ауданында тұратын көп балалы ана Майя Майданбекова. Ол мемлекеттен кәсіпкерлікке арналған грантты жеңіп алып, жиһаздарды химиялық тазалаумен айналысатын жеке кәсіп ашты. Облыста кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы ілгерілеп келеді. Былтыр Глубокое ауданында ондаған адам жеке кәсібін ашқан.
Майя Майданбекова көпбалалы ана. Ұлттық кәсіпкерлікті дамыту жобасына қатысып, қыркүйек айында грант ұтып алды. «Бастау бизнес» жобасы бойынша оқуын сәтті аяқтап, білім жетілдірді. Қазіргі кезде тұрмыстық бұйымдарды мұнтаздай етіп тазалайтын арнайы құрылғы сатып алып, кәсібін дамытуда.
Майя Майданбекова аудан, қала, облыс орталығынан да тапсырыс қабылдайды. Жұмсақ жиһаздарды тазалауға арналған құрылғысының сапасы жоғары. Бағасы кез –келген клиент үшін қолжетімді. Кәсіпкердің айтуынша, атаулы қызметке сұраныс күн сайын артуда. Ал, ұлттық жобаға қатысушылардың жүзеге асырып жатқан бизнес –жобалары алуан түрлі. Оның ішінде мал шаруашылығы, тігін цехын ашу, ірімшік өндіру сынды бастамалар қолға алынған.
Өткен жылы жастарға жеңілдетілген 12 несие берілсе, биыл тағы 5 несие беру жоспарда бар. Биыл 14,5 млн теңгеден астам қаражатқа 10 грант беріледі.