Өскеменде үлкен студенттік Ассамблея ойындары басталды. Бұл жастардың спорттық және интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға, мәдениетаралық байланысты нығайтуға ықпал ететін маңызды оқиға.

Ассамблея ойындарына қатысуға 200-ге жуық қатысушы өтініш білдірген. Апта бойы жастар жүзуден, футзалдан, этно ойын және этновикторинада бақ сынамақ.

Ашылу салтанатынан кейін қатысушылар суға жүзуден сынға түсті. Қатысушылардың айтуынша, мұндай жарыстар олар үшін өздерінің спорттық жетістіктерін көрсетіп, жаңа достар табуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар командалық рухты нығайтуға септігін тигізеді.

Жарыстың келесі кезеңінде этно ойын өтеді. Ойын барысында қатысушылар елдегі түрлі этнос өкілдерінің салт-дәстүрі, мәдениеті мен тарихы туралы білімдерін ортаға салады.