Өскеменде әйелдер арасында волейболдан ұлттық лига ойындары аяқталды. Жергілікті «Берел» құрамасы ақтық сында Талдықорғаннан келген қарсыластарын қабылдады. Нәтижесінде жетісулық ұжым 9 дүркін ел чемпионы атанды.

Өскеменде әйелдер арасында волейболдан ел чемпионаты өз мәресіне жетті. Финалда «Жетісу» мен «Берел» құрамалары кездесті. Есеп 3:1. Қонақтардың пайдасына шешілді.

Ұлттық лигада өнер көрсеткен құрамалар осал болмады. Спортшылар тыңғылықты дайындалған.

 «Берел» екінші жыл қатарынан күміс жүлдеге ие болса, «Қуаныш» үздік үштікті түйіндеді. Өткен жылғы ел чемпионы «Тұран» төртінші орынға табан тіреді. Ал, жеңімпаз «Жетісу» құрамасы Филиппинде өтетін Азия чемпионатына жолдама алды. Бұл дода 18-28 наурыз аралығында өтеді.