Халық қаһарманы Қ.Қайсенов атындағы 27943 әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген сарбаздар үшін кәсіби бағдар беру кездесуі өтті. Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған шара барысында Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ мамандары сарбаздарға білім алу мүмкіндіктері туралы толық ақпарат берді.

Кездесу барысында университет өкілдері жиналғандарға оқу орны жайлы толық берді. Сарбаздар жағы техникалық мамандықтарға қызығушылық танытты.

Сарбаздар ЖОО өкілдеріне оқуға түсу тәртібі, жеңілдіктер және болашақта жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. 27943 әскери бөлімі командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары Азамат Жұмағазиев сарбаздарға дұрыс бағыт-бағдар беру басты назарда екенін айтады.

Бұл бастама сарбаздарға өз болашағын жоспарлауға ғана емес, туған өлкесіне немесе қызмет өткерген аймаққа оралып, ел дамуына үлес қосуға жол ашады.