Облыс орталығында Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаевтың өңір активімен кездесуі өтті. Жиынға мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғам өкілдері, басқармалар мен департаменттердің басшылары, қала және аудан әкімдері қатысты.

Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов Мемлекет басшысы айқындаған стратегиялық басымдықтарға сәйкес өңірдің даму әлеуеті артып келе жатқандығын мәлім етті. Осы орайда экономиканы 2029 жылға дейін екі еселеу мақсатында, өңірлік жобалау кеңсесі құрылып, жол карталары бекітілді. Биылдың өзінде жалпы облыстық өнім көлемін 5,5 трлн теңгеге дейін арттыру, инвестиция тарту көлемін 1 трлн теңгеден асыру жоспарға алынған.

Жиын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайда айтқан міндеттерін түсіндіру және іске асыру мақсатында ұйымдастырылды. Кездесу барысында Мәлік Отарбаев Ел Президенті жүктеген міндеттердің сапалы орындалып жатқанын атап өтті.

Өңірде әлеуметтік маңызы бар бастамаларға ерекше мән берілуде. Әсіресе жаңа мектептер салу, таза ауыз судың қолжетімді болуы, денсаулық сақтау және оңалту инфрақұрылымын дамыту - басты назарда.