Елде күзгі әскерге шақыру науқаны басталды. Науқан 31 желтоқсанға дейін жалғасады. 1 қыркүйектен бастап аймақтағы 800-ге жуық азамат Отан алдындағы борышын өтеуге аттанады. Қазіргі таңда әскерге шақыру жұмыстары цифрландырылып, шақырылушыларға SMS хабарламалар жолдануда.
Күзгі әскерге шақыру науқаны қарқынды жүргізілуде. Мамандар заман ағымына қарай цифрлық технологияларды жемісті қолдануда. Мәселен, әскерге шақыру тек қағаз жүзінде ғана емес, 1414 нөмірі арқылы sms хабарламалар жолдануда. Бұл бастама биылғы шақырылымнан бастап енгізілген.
Роллан Смағұлов , ШҚО қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бөлім бастығы:
Әскери команданы жинақтау негізі үш күн жүргізіледі. Әр бір әрскери шақырылушыны тексергенде қосымша тексеріс қажет болса оларға акт беріліп, сол бойынша қосымша тексеріс жүргізіледі. Үш күндікте шақырылушы осы облыстық жинақтау пунктінде орналасады. Олар үш уақыттық ас мәзірімен қамтамасыз етіледі, жатын орындар арналған дайын және жуыну гигиеналық бөлмелер қарастырылған.
Бұдан бөлек, әскерге шақыруды кейінге қалдыру немесе босату енді egov.kz порталы арқылы рәсімделеді. Жүйе толық цифрландырылғандықтан, азаматтар әскери мәртебесі туралы мәліметті ешқандай құжатсыз, SMS-хабарлама түрінде ресми жауап алады. Ал шақырылушылардың денсаулығын бақылау үшін медициналық комиссия құрамындағы 16 дәрігер күн сайын тексеру жүргізіп отыр.
Гаухар Мантаева, Облыстық медициналық комиссия мүшесі:
Біз енді 722 бұйрық бойынша жұмыс істейміз. Бұл балалардың барлық ағзасы тексеріледі. Біздің ең негізгі міндетіміз. Сау денсаулығы мықты баланы әскер қатарына жіберу.
Әдемі Сейтқанова, ШҚО қорғаныс істері жөніндегі департаментінің психология қызметінің бастығы:
Осы жерде біз жас сарбаздардың психологиясын зерттеймін. Тұрақты түрде әскерге дайын ба? Бейімделуі қандай? Теріс ахуалды мінездері жоқ па? Соның барлығын біз зерттейміз. Алдымен текст түрінде, кейін әңгімелесу түрінде біз шешімін шығарамыз. Одан кейін әкерге ұсынылатынын немесе ұсынылмайтынын біз айтатын боламыз.
Шақырылушылар қатарында әскерді азаматтық борыш қана емес, өмірлік мектеп деп қабылдайтын жастар да бар. Солардың бірі – Әли Мамырбеков. Ол Отан алдындағы борышты өтеу – әр азаматтың міндеті деп санайды.
Әли Мамырбеков, әскерге шақырылушы:
Маған шақырту биллеті келгенде өз еркіммен отан алдындағы борышымды өтеу ге келдім. Медициналық тексерістен өттім денсаулығым жарамды болды. Менің әкем де әскери қызметте істеген сондықтан мен де әкемнің артынан әскери қызметші болам деген ойымда.
Күзгі шақырылым аясында әскер қатарына алынған сарбаздар елдің әр өңіріне жіберілмек. Қорғаныс істері жөніндегі департамент өкілдерінің айтуынша, жастардың азаматтық борышын өтеуі – мемлекет қорғанысын нығайтып қана қоймай, олардың тұлға ретінде қалыптасуына да ықпал етеді.
Нұртас Қайролдаев