Ауыл шаруашылығы үшін төрт түліктің жөні бөлек. Адам ауырса дәрігерге, мал ауырса ветеринар қызметіне жүгінетіні анық. Бұл маман иелері қысы-жазы қорадағы, қырдағы малдың жайын күйттеп жүреді. Сондықтан жауапкершілік жүгі ауыр мал дәрігерінің еңбегі ерен. Ауданға тиесілі бар малдың саулығы осы сала мамандарының жауапкершілігінде. Елшат Мұқашұлы солардың бірі. Бүгінде Ұлан ауданы Таврия ауылындағы ветеринарлық пункт меңгерушісі. Білікті маманның жүріп өткен өмір жолы көпке үлгі.
Семей облысы, Үржар ауданы Науалы ауылында дүниеге келген Елшат Мұқашұлы 35 жылын ветеринария саласына арнады.
Елшат Мұқашұлы, ветеринарлық пункт меңгерушісі:
Жас маманмын. Гагарин совхозынан ветврач болып бастадым. Старший врач содан кейін главный врач болдым. Содан 97 жылы совхоз колхоз тарағаннан кейін Бәрі жекешеленгеннен кейін Таврия ветстанциясына келдім. Жұмысымды ауыстырмай осы жерде жұмыс істеп келе жатырмын.
Көптеген аурулар адамға жануарлардан тікелей, немесе олардан алынатын түрлі өнімдер арқылы жұғатыны белгілі. Сол себепті, бұл салада қауіптің алдын алу мақсатында диагностикалық тексерулер үнемі жүргізіледі. Сондықтан күн сайын атқарылған жұмыс барысы бойынша ветеринарлық пункт меңгерушісіне әріптестері есеп беріп, ертеңгі күнге жоспар құрады. Елшат Мұқашұлы өз ісіне тиянақты. Әріптестеріне үлгі. Кейін келген мамандарға білген-көргенін айтып үнемі үйретіп отырады.
Гүлжазира Айқынбек, Е.Мұқашұлының әріптесі:
Елшат ағамен жұмыс істегелі 10 жыл болды. Ол кісі өз жұмысына тиянақты жауапкершілігі өте мол. Берілген тапсырманы уақтылы тапсыратын адам. Ол кісіден үйренріміз бар. Жастарға үйретеді білімді сондай жақсы кісі. Үлгілі азаматтың бірі.
Елшат Мұқашұлы жұмыс бабымен аудан орталығына жиі қатынайды. Қасым Қайсенов кентіндегі «Ұлан-Вет» кәсіпорынына барып, керек-жарағын түгендеп, басшылыққа есеп береді.
Оразхан Қашибаев, ШҚО Ветеринария басқармасының «Ұлан-Вет» ШЖҚ КМК директоры:
2010 жылдан бастап осы Ұлан вед ұжымынжда жасап жатыр. Бұл енді қазір біздің Ұлан ауданы бойынша өте мықты стажы көп мамандардың бірі. 1-2-3 маман қалды. Қалғандары жастар. Совет заманынан бастап істеген адамдар бөлек ответсвенность дейді өте мықты жауапкершілігі жоғары.
Еңбегімен ерлеген азамат биыл «Ветеринарияның құрметті қызметкері» төс белгісін кеудесіне тақты. Ол үшін бұл саланың орны бөлек, қадірі ерекше. Сондықтан ауыл шаруашылығы саласының өркендеуіне бұл мамандық иелерінің қосар үлесі зор.
Салтанат Кеңесбекқызы