ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауда ел дамуының жаңа бағыттарын айқындады. Құжатта экономиканы әртараптандыру, кәсіпкерлерді қолдау және халықтың тұрмыс сапасын арттыру негізгі басымдықтар ретінде айқындалған. Сонымен қатар, білім беру мен денсаулық сақтау салаларын жетілдіру, заманауи технологияларды дамыту міндеттері нақтыланды. Жолдаудың мақсаты – әділетті қоғам құру, ұлттық бірлікті нығайту және ел болашағын жарқын ету. Бұл бастамаларды шығысқазақстандықтар да қолдап, ел дамуына өз үлестерін қосуға дайын екендерін білдіруде.