Кез - келген мемлекет үшін әлеуметтік саланың дамуы маңызды. Ал, әлеуметтік саланың бірегейі– денсаулық сақтау жүйесі. Ел Президентінің пәрменімен қолға алынған шалғай елді мекендердегі медицинаны дамыту бастамасы Риддерде де қарқынды. Мұнда қазіргі таңда көпсалалы аурухананың құрылысы жүріп жатыр. Құрылыс алаңына арна тілшілері де барып қайтты.

Жаңа аурухананың пайдалануға берілуін қала тұрғындары асыға күтуде. Ал сапасына қатысты бақылау жұмыстарын жергілікті қоғамдық кеңес пен «AMANAT» партиясының өкілдері жүргізеді.

Сабир Қаһарманов, Риддер қалалық Ақсақалдар алқасының төрағасы:

Ойлаймын енді айтқандай поликлиника октябрьдің аяғына дейін бітіру керек. Спальный корпустарды декарбрге дейін бітіру керек деп. Солай айтылған көреміз қалай шығатындығын. Бізге халыққа жаңа больница керек. Ескі аруханаға симайды. Жаңа көрдің салынып жатқан аурухана тамаша әйбат. Ойлаймыз бізге халыққа тез болса, әйбат болса деп.

Жаңа аурухана құрылысы медициналық қызметпен қатар жаңа жұмыс орындарының ашылуына да ықпал етпек. Қазіргі таңда аурухана басшылығы дәрігерлер мен медициналық персоналдың біліктілігін арттыру, қажетті мамандарды жұмыспен қамту мен оларға қолдау көрсету шараларын іске асыруда.

Марат Блейменов, Риддер қалалық ауруханасының бас дәрігері м.а:

Қазіргі күнде бізде 165 төсек орын. Жаңа аурухана болса 200 төсек орындық болады. Қосымша кардиология бөлімі, неврология, реабелитация төсектері болады. Полиятивті көмек ретінде сестринский уход деген орындар қосылады. Разсында да өзекті мәселенің бірі ол кадр мәселесі болып тұр. Қазіргі күнде 9 жәрігер жетіспейді. Жаңадан ашылатын бөлімшелерге қосымша 15 медбике керек болады.

Мердігер компания өкілдерінің айтуынша, құрылыс жұмыстары белгіленген кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр. Қажетті жабдықтар сатып алынып, қазіргі таңда жаңа қондырғыларды орнату жұмыстары іске асырылып жатыр.

Әсет Бейсенұлы, мердігер:

Больницада жұмыс қызу жүріп жатыр. Оъект басында 260 адам жұмыс жасап жатыр. Жалпы технолагический процес дейміз. Снабжение, механизация, доставка материалов. Соның барлығын алған кезде 300 адамнан астам адамдар осы больницаның құрылыс монтаж жұмыстарына үйлестірілген. Жұиыстар кесте бойынша жүріп жатыр. Желтоқсан айында бұл нысан тапсырысқа берілетін болады.

Заманауи аурухана толықтай қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған. Абаттандыру жұмыстары да қарқынды.

Нұртас Қайролдаев