Глубокое ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті. Шара аясында Мало-Уба орман шаруашылығының аумағында Сібір шыршасының 113 мың көшеті отырғызу көзделген. Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған игі бастамаға жүзге жуық ерікті, студенттер мен ауыл тұрғындары қатысты.
Елде 2030 жылға дейін орман алқаптарын 14,5 млн гектарға жеткізу жоспарланып отыр. Бұл міндетті жүзеге асыруда орман шаруашылығы мамандарының еңбегі зор. Олар көшеттердің дұрыс отырғызылуын қадағалап, жиналған қауымға бағыт-бағдар берді.
Еркін Шаймұратұлы, Мало-Уба орман шаруашылығының директоры:
Бүгінгі таңда президенттің жолдауымен Таза Қазақстан және көшеттерді отырғызу туралы шараларды қолданып, жүргізіп жатырмыз.
Ирина Киселева, Мало-Уба орман шаруашылығының орманды қалпына келтіру жөніндегі бас инженері:
Біз жыл сайын көктемгі және күзгі маусымда Мемлекеттік орман қоры аумағында көшет отырғызу жұмыстарын жүргіземіз. Осындай акцияларға қатысу - елімізді көгалдандыруға, экологияны жақсартуға және халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға қосқан үлесіміз деп санаймыз. Барша қолдау көрсеткен азаматтарға алғысымызды білдіреміз.
Ағаш отырғызу - қоғамға пайдасы зор бастама. Қоршаған ортаны қорғау ісіне тигізері мол. Мұндай бастаманы жастар да қолдайды.
Ағаш отырғызу - табиғатты қорғаудың ғана емес, келешек ұрпақ алдындағы жауапкершіліктің белгісі. «Таза Қазақстан» акциясы осылайша елдің жасыл қорын ұлғайтып, қоғамды экологиялық мәдениетке тәрбиелеудің тиімді құралына айналды.
Бекарыс Секен