Қазақстан Президентінің 2025 жылғы Жолдауы елдің алдағы даму бағыттарын нақты көрсететін стратегиялық құжат. Бұл тек мемлекеттік басқаруды жетілдіруді ғана емес, сонымен бірге қоғам өмірінің барлық саласын жаңғыртуды көздейді. Шығысқазақстандықтар да Жолдауда көрсетілген мақсаттарды қолдай отырып, елдің өркендеуі мен жаңаруына өз үлестерін қосуға дайын екенін білдіруде. Ондағы идеялар арқылы Қазақстан өз азаматтарының әлеуетін толық іске асыруға, инновациялық шешімдер мен заманауи тәсілдерді қолдана отырып, тұрақты дамуды қамтамасыз етуге ұмтылады. Бұл бағыт тек мемлекеттік деңгейде емес, әрбір азаматтың күнделікті өмірінде де көрініс табуы тиіс. Қоғам мен биліктің бірлескен жұмысының арқасында елдің болашағымен, технологиялар мен әділдікке негізделген сенімді және өркендеген мемлекетке айналады.