Республика көлемінде жүріп жатқан "Учаске" жедел-профилактикалық шарасы шығыста да жалғасын тапты. Акция қараша айына дейін өтеді. Шараның мақсаты құқықбұзушылықтың алдын алу. Осы аралықта өңірдегі полиция қызметкерлері күшейтілген жұмыс тәртібіне көшеді.

Шараға 560-тан астам полиция қызметкерлері, мемлекеттік орган өкілдері тартылады. Мәселен, өңірде 14 күн ішінде облыста шамамен 75 мың тұрғын үй мен 4 мыңнан астам саяжай учаскесі тексерілді. 3 мыңға жуық әкімшілік құқықбұзушылық анықталды, 89 көші-қон тәртібін бұзу фактісі тіркелді. 6 бірлік тіркелмеген қару тәркіленіп, 150 кәмелетке толмаған жасөспірім ұсталды.

Әйгерім Бейсембаева, ШҚО ПД ЖПҚБ ювеналды полиция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы:

720 ШҚ қыстақтар тексерілді. 809 рейдтік шаралар базарларда, сауда орындарында жүргізілді. Тексеру барысында 59-астам тұрғылықты мекенжайынан заңсыз жүретіндер анықталды. 5600-ден астам полицияда есепте тұратын тұлғалар тексерілді. 1900-ден аса азаматтық қару иелері тексеріліп, 20 бұзушылық анықталды. Анықталған бұзушылық негізінде тұлғаларға қатысты ӘҚБ туралы хаттамалар толтырылған болатын.

Департамент өкілдері тұрғындардан тәртіп сақшыларының профилактикалық шара аясында бекітілген аумақты аралауына түсіністікпен қарауға шақырды.

Қымбат Иманғали