Облыс орталығында «PET DOG FEST» фестивалі өтті. Шараға өңірден 1500-ге жуық қатысушы жиналды. Олар ветеринар мамандардан кеңес алып, жануарларды күтіп-баптау бойынша шеберлік сағаттарына қатысты.

Алмаз Джакишев, «Байтақ» партиясының ШҚОФ атқарушы хатшысы:

Фестиваль мақсаты жануарларды қорғау және жануарларды қорғауды бүкіл халыққа айту жалпы, маңыздылын айту. Қазіргі кезде 1500-ға жуық адам қатысады деп күтіп отырмыз. Сонымен қатар, 700-ге жуық жеті қазынамыздың бірі иттер, күшіктер қатысады деп жоспарлап отырмыз. Былтыр қатысушылар саны азрақ болған, биыл көп. Әр түрлі организациялар қатысып жатыр.

Фестиваль биыл екінші рет ұйымдастырылып отыр. Мұнда еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін үй жануарларын жетектеп, сайысқа алып келген.

Владимир Раструба, ҚР ҰҰ «ШЫҒЫС» өңірлік қолбасшылығына қарасты №5518 әскери бөлімінің кинология қызметінің бас маманы:

Мен қызметтік итім Эрамен келдім, бізді осы шараға қатысуға шақырғандарына қуаныштымын. Басқа мамандардың тәжірибесін көріп, өзімнің де білгенімді бөлісу – үлкен мүмкіндік. Кинолог болып жұмыс істеп жүргеніме үш жыл болды. Иттермен жұмыс істеу бірден ұнады, алғашқы күннен бастап қызығушылықпен айналысып келемін. Алматы қаласындағы кинология орталығында білім алдым.

Ұйымдастырушылар «PET DOG FEST» фестивалін жыл сайын өткізуді жоспарлап отыр.

Кәусар Идаятқызы