Өңірде Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиында мемлекеттік қызметкерлерге қатысты тәртіптік іс қаралып, профилактикалық жұмыстардың нәтижелері жарияланды. Бұдан бөлек, мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың бұзылу деректерін болдырмау бойынша атқарылған шаралар баяндалды.
Жиынға Әдеп жөніндегі кеңестің аудандық және облыстық деңгейдегі басшылары қатысты. Олар мемлекеттік қызметшілер тарапынан жиі кездесетін заңбұзушылықтар мен этика нормаларын сақтамау фактілерін атап өтті. Айталық, биыл 8 айда Глубокое ауданы әкімі аппаратының тәртіптік комиссиясы бірнеше істі қарап, алдын алу шараларын жүргізген.
Ержан Айқымбеков, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша Департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы:
Тәртіптік істер бойынша мына тәртіптік теріс қылықтың құрамы болмауына байланысты екі лауазымды тұлғаларға тәртіп істер тоқтатылды. Басқа профилактикалық сұрақтар бойынша ұсыныстар тиісті әзірленіп, олар сол мемлекеттік органға орындалуы үшін жіберілетін болады.
Кеңес мүшесі Мұхтар Төлегеннің айтуынша, соңғы жылдары облыста тәртіптік жауапкершілікке тартылған қызметшілердің саны азайған. Бұл – алдын алу шараларының нәтижесі.
Мұхтар Төлеген, Әдеп жөніндегі кеңес мүшесі:
Бір сұрақта мынау кәсіпкерлік өндіріс басқармасының басшысының орынбасарына қатысты тәртіптік іс қаралды. Олардың мемлекеттік қызмерттерін көрсету барысында іс – әрекеттеріне баға берілді. Қызметтік тергеп – тексеру іс-шарасы өткен болатын Президент әкімшілігінің тапсырмасына сәйкес.
Жиын соңында әдеп жөніндегі кеңес төрағасы мемлекеттік қызметшілерге күнделікті жұмыс барысында қолданыстағы заңнама талаптарын сақтау қажеттігін тағы бір мәрте еске салды. Жиын соңында қатысушылар ұсыныстарын ортаға салып, алдағы міндеттер нақтыланды.
Кәусар Идаятқызы