15 қыркүйек санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандарының кәсіби мерекесі. Бүгінде ел бойынша 12 мыңнан астам маман жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың алдын алу жолында тынбай еңбек етіп келеді. Мереке күні облыс басшысы саланы дамытуға үлес қосқан үздік мамандарды марапаттап, құрмет көрсетті.

Сала мамандарын құттықтаған аймақ басшысы санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандарының еңбектері қоғам үшін маңызды екендігін тілге тиек етті. Ұлт денсаулығы қашанда бірінші орында екендігін атап өтті.

Нұрымбет Сақтағанов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:

Сіздердің таңдаған жолдарыңыз ол асқан жауапкершілікті. Табандылықпен асқан кәсіби шеберлікті талап ететін үлкен сала. Және қоғам қауіпсіздігінің тірегі бұл сала. Халық денсаулығының куепілі деп айтуға болады. Сіздер жұқпалы індеттердің алдын ала отырып, қауіпті ошақтарды бақылауда ұстайсыздар. Азаматтардың амандығы үшін күндіз-түні тынбай еңбек етесіздер. Осы еңбектеріңіздің арқұасында біздің өңірдің тұрғындары санитариялық-экпидемиологиялық ахуал біздің өңірімізде сақталып, халықтың өмір сапасы күн өткен сайын артып келе жатыр.

Гүлнәр Қалибасова санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласында 20 жылдан аса уақыт еңбек етіп келеді. Оған жүктелген міндет аса жауапты. Азық-түлік қауіпсіздігі, тұтынатын өнімнің стандарттарға сай болуы, талаптың сақталуы маңызды. Сондықтан жұмыста салғырттық танытуға болмайды.

Гүлнәр Қалибасова, ШҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы:

Біздің басты міндетіміз хатық тұтынатын азық-түлік тағамдарының қауіпсіздігін бақылау. Бұл дегеніңіз халықты бірінші кезекье сапалы өніммен қамтамасыз ету. Өздеріңіз білесіздер азық-түлік өнімдерінің басым бөлігі түрлі мемелдекеттерден келеді. Сондықтан түрлі көрсеткіштерінің нормаға сай болуың қадағалау маңызды. Бұл ретте микробиологиялық және санитариялық-химиялық көрсеткіштер талапқа сай болуы керек.

Бүгінгі таңда облыстағы санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік саласында 160 астам адам еңбек етеді. Мереке қарсаңында марапатқа ие болған азаматтар еңбегіміздің еленгені біз үшін үлкен мәртебе деді.

Назерке Шақантаева, ШҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы:

Біздің жұмыс өте маңызды. Жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың алдын алу. Суық ауа және басқада адамға әсер ететін заттарды зерттеу болып табылады. Біздің жұмыстиың ең маңыздылығы пандемия болған кезде көрінді деп ойлаймын. Өйткені, біздің мамандар күні-түні жұмыс істеп, адамға қоғамға деген жұмыстарын көрсетті деп ойлаймын.

Алғашқы кәсіби мерекелерін атап өткен санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары үшін ең бастысы адам денсаулығы. Ал еңбектің мемлекеттік деңгейде бағаланып, құрмет көрсетілуі оларды одан әрі жігерлендіре түсетіндігі анық.

Салтанат Кеңесбекқызы