Заманауи медициналық және диагностикалық құрал-жабдықтармен қамтылған «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы бүгін Ұлан ауданының «Таусамалы» станциясына келді. Дәрігерлер ауыл тұрғындарына тегін қызмет көрсетті.

«Саламатты Қазақстан» пойызы 21 мамырдан бастап ел ішін аралап жүр. Ұлан ауданындағы «Таусамалы» станциясы – денсаулық пойызының қызмет көрсететін тұрақты аялдамасы. Бұл уақыт аралығында ақ халаттылар 60 мыңға жуық азаматқа қызмет көрсетіп үлгерген. Пойызда 30-дан астам жоғары білікті маман бар.

Елнұр Маханов, «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызының бас дәрігері:

Шамамен 6 айға жуық уақыт ішінде елді аралап шығамыз. Бүгінгі күнге дейін 55-57 мың азамат тексерістен өтті. Бекітілген жоспардың жартысынан астамын орындадық. Ал станциялар санына келсек, қазірдің өзінде шамамен 120 елдімекенде қызмет көрсетілді.

«Саламатты Қазақстан» пойызында науқастарды қабылдауға қажетті жағдай жасалған. Мамандар тегін дәрігерлік көмек көрсетеді. Дәрігерлер қажет болған жағдайда операция жасауға, жоспарлы емдеуге жолдама береді. Оның ішінде қатерлі ісікті ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік беретін маммограф та бар. Ұлан ауданының тұрғындары денсаулығын тексеру мүмкіндігін тиімді пайдаланып, «Таусамалы» станциясына жиналды.

Жәмиля Байсейітова, Огнёвка ауылының тұрғыны:

Бұл пойыз жыл сайын келеді. Бағдарлама халыққа тиімді. Себебі, ауыл тұрғындарының облыс орталығына жиі барыуна мүмкіндік болмайды.Сондықтан бастаманы қолайлы деп санаймыз. Білікті мамандар ауылымызға келіп, тегін қызмет көрсетті.

Аталған жоба Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен жүзеге асырылуда.

Маделхан Піржанов, Ұлан ауданы әкімінің орынбасары:

Біздің аудан тұрғындары жыл сайын «Саламатты Қазақстан»..........өздерінің денсаулығын дұрыстауға кіріседі деп айтқым келеді.

«Саламатты Қазақстан» пойызы – шалғай елдімекен тұрғындарының сапалы медициналық қызмет алып, қажетті диагностикалық тексеруден өтуіне мүмкіндік беретін бірегей бастама.

Салтанат Кеңесбекқызы