Оралхан Бөкей атындағы қалалық кітапханада «Заманауи қауіптерден отбасын сақтау жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Жиынға қоғам белсенділері мен көпбалалы отбасылар қатысты. Шара ұлттық құндылықтарды дәріптеп, отбасы институтының беделін нығайтуға бағытталды.
Отбасы – қоғамның басты тірегі. Ұрпаққа өнеге боларлық асыл құндылықтарды сақтау бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр. Жиынға қатысушылар да дәл осы тақырып жөнінде ой қозғап, отбасындағы сыйластық пен бірліктің маңызын атап өтті.
Түсіпхан Түсіпбеков, Қоғам қайраткері:
Балаға салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды, тілімізді, мәдениетімізді олардың бойына сіңіре білуіміз қажет. Сонда ғана жас ұрпақ қоғамға пайдалы адами тұрғыда пайдалы мықты ұл менен қыз болып өседі.
Бұдан бөлек, жиында әлеуметтік желідегі алаяқтық пен түрлі қауіп-қатерлерден қорғану жолдары да талқыланды.
Жанар Қабидуллақызы, «Тәуелсіз зерттеулер орталығы» ҚБ басшысы:
Отбасымызды қорғайтын - мейірім, ата-аналардың деген қарым-қатынасы, баланы деген тыңдай білу. Біздің қазақ халқында құндылықтар деген тұнып тұр, Әдет ғұрып, мақал мәтел, тыйым сөздер бізде тәрбие қоры өте үлкен ғой.
Осындай басқосулар отбасы құндылықтарын ұлықтап қана қоймай, ұлттық тәрбиені жаңғыртуға жол ашады.
Бекарыс Секен