Өңірде дзюдодан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Владимир Дергачевты еске алуға арналған облыстық чемпионат өтті. Байрақты бәсекеге Шығыс Қазақстанның аудан-қалаларынан 2010-2011 жылы дүниеге келген 280-ге жуық спортшы қатысып, өзара кім мықтыны анықтады.
Владимир Дергачев - күресте талай тарланның бағын ашып, баптаған жан. Оның өрендері республикалық, әлемдік жарыстарда бақ сынады. Бүгінде бапкердің ізін басқан барша шәкірттері жарыстың ауқымдылығын атап өтіп, еңбегін еске алды.
Ержан Омарбаев, В. Дергачевтың шәкірті:
Біздің бапкеріміз өте жақсы адам болған. Бізді үйреткен. Осы турнир 11-ші рет өткізіліп жатыр. Деңгейі өсіп жатыр. Биыл міне 280 бала қатысып жатыр. Осы турнирден чемпиондар ҚР чемпионатына қатысады, біздің намысымызды қорғайды.
Турнирдің мақсаты салауатты өмір салтын насихаттап, ұлттық рухты қалыптастыру және өңірде дзюдо күресін дамыту.
Гүлдана Нұрғалиева, жаттықтырушы:
Біз Тарбағатай ауданы Ақжар ауылынан 4 қыз әкелдік, 9 ұл әкелдік. Біздің ұлдарымыз да, қыздарымыз да жақсы күресіп жатыр. Біз төртінші рет қатысып жатырмыз осы жарысқа. Өте жақсы деңгейде өтіп жатыр жарыс.
Жарыс тартысты, бәсекеге толы өтті. Спортшылар қарсыластарына жоғары баға беріп, лайықты дайындықпен келгендерін айтады.
Асанәли Мерхат, турнир жеңімпазы:
Осы белдесуде мен жеңімпаз болып атандым. Осы жарыста мен 5 белдесу жасадым. Бәрінде жеңіске жеттім. Осы бес белдесуде ең қиын болғаны финал. Финалда 7 минут күрестім. Осы жарыста с колена зацеп әдістерін қолдандым.
Инабат Оралбекова, турнир жеңімпазы:
57 салмақта күрестім. Бүгін 4-5 схватка жасадым. Ең қиыны үшінші схватка болды. Бүгінгі қарсыластарым бәрі мықты болды. Енді алда күтіп тұрған Павлодар қаласынан орын алсақ.
Облыс біріншілігі жоғары деңгейде өтті, дейді шараға қатысушылар. Турнирдің соңында жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен медальдар табысталды.
Кәусар Идаятқызы