Биылғы Президент Жолдауы ел арасында кең қолдау тапты. Әсіресе шығысқазақстандықтар әлеуметтік желіде өз пікірлерін білдіріп, Мемлекет басшысының бастамаларына оң баға беріп жатыр. Халық көтерілген мәселелерді талқылап, ұсынылған реформалардың тиімділігіне сенім білдіруде. Аймақ тұрғындарының айтуынша, Жолдаудағы бастамалар мемлекеттік қызметтің қолжетімділігін арттырып, халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға ықпал етеді. Сондай-ақ ғылым мен білімге басымдық берілуі, жастардың ІТ саласында жаңа мүмкіндіктерге ие болуы көпшіліктің көңілінен шықты. Инвестицияның жоғарғы технологияларға бағытталуы экономиканы әртараптандырып, елдің дамуына серпін береді деген көзқарас басым. Шығысқазақстандықтар мұндай өзгерістер болашағымызды айқындайды деп сенеді. Сонымен қатар әділдік пен ашықтықтың нығаюы халықтың сенімін арттыратынын да атап өтті.
Талант Тұрсынов