«Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты халыққа Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел дамуының негізгі басымдықтарын атап өтті. Мемлекет басшысы ерекше мән берген бағыттардың бірі - өңірлердің инвестициялық тартымдылығын арттыру және жастардың бойында отансүйгіштік сезімін қалыптастыру.
Мемлекет басшысы Жолдауда жаңа инвестициялық кезеңді бастау қажеттігін атап өтті. Ол инвестиция тарту жүйесін түбегейлі жаңғыртудың нақты жоспарын әзірлеуді тапсырды. Сонымен қатар, өңірлердің инвестициялық тартымдылық индексін енгізу бастамасын көтерді. Президент қаржы тек шикізаттық салаға ғана емес, өңдеуші өнеркәсіп пен жоғары технологиялар саласына да бағытталуы тиіс екенін баса айтты. Бұл бағыттағы барлық жұмыс Үкімет басшысына жүктелді.
Сандуғаш Алламұратова, ЖОО студенті:
Қазіргі таңда Президент тек қана шикізат өнімдеріне ғана емес, нақты Отандық өнімге назар аударып отыр. Оның ішінде ЖИ, технология бар. Егерде осыларды қамтитын болсақ, Отандық инвесторларға өте жақсы мүмкіндік болады. Тек қана Отандық деңгейде ғана емес, әлемдік деңгейге жеткізуге болады. Оларға нақты мақсаттар беріледі, сол мақсаттар арқылы біздің Отандық өнімдердін барлығын инвестиция арқылы жоғары деңгейге көтеріп, бекіте аламыз.
Президент Жолдауда қазіргі патриотизм ұғымының жаңа мазмұнға ие болғанын айтты. Жастар радикализм мен ұлтшылдықтың шегінен тыс ойлайды. Олар отанға деген сүйіспеншілікті - білім, даму және технологиялық ілгерілеу арқылы көрсеткісі келеді. Жаңа буын үшін патриотизм - елге пайда әкелу, қоғамға үлес қосу, Қазақстанды өркендету жолындағы нақты қадамдар. Мемлекет басшысы жасанды интеллект дәуіріне бейімделіп жатқан ұрпақты қолдау маңызды екенін ерекше атап өтті.
Үнзилә Адалқызы, ЖОО студенті:
Бұл Жолдау тек қана стратегиялық даму бағыты емес, сонымен қатар әрбір қазақстандықтың жүрегіне отансүйгіштік сезімін ұялатқан ізгі бағдаршам ретінде айтсам болады. 00:20СКЛ00:31 Жолдауда айтқандай білімді ұрпақ тәрбиелеу еңбекқорлық пмен әділетке негізделген қоғам құру нағыз патротизмнің көрінісі. Бүгінгі жастардың қолында ертеңгі Отанның болашағы деп айтқым келеді.
Экономикаға инвестиция құю және адами капиталды дамыту -Қазақстанның болашағын айқындайтын басты бағыттар. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында осы екі факторды – тиімді инвестициялық ахуал мен саналы жастарды қолдауды – елдің өркендеуі үшін негізгі тірек ретінде көрсетті. Бұл – жаңаша ойлайтын жастар мен жаңа технологияларға сүйенген экономика негізінде қалыптасатын бәсекеге қабілетті Қазақстанның кепілі.
Қымбат Иманғали