Елде қыркүйек айының соңына дейін «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық шарасы өтеді. Бастама аясында тәртіп сақшылары күшейтілген жұмыс режиміне көшеді. Мақсат – жол-көлік оқиғаларының алдын алу, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Елде жыл сайын мыңдаған жол-көлік оқиғасы тіркеліп, оның басым бөлігі қарапайым ережелерді сақтамаудың салдарынан орын алады. Осыған байланысты 15-30 қыркүйек аралығында республика көлемінде «Қауіпсіз жол» атты жедел профилактикалық шарасы өтеді. Бастама тек жүргізушілердің бекітілген тәртіпті сақтауын ғана емес, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді мақсат етеді.
Ғабит Әбенов, Өскемен қ. ПБ патрульдік полиция батальонының командирі:
Қазіргі таңда Өскемен қаласында және Республика аумағында қыркүек айының 15 және 30 жұлдыздары аралығында «Қауіпсіз жол» атты алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Бұл іс-шараның бірінші мақсаты – жол-көлік апаттарына жол бермеу. Қазіргі таңда күнделікті жол-көлік апаттары болуына байланысты Республика бойында алдын алу іс-шаралары өткізілуде. Сондықтан жүргізушілер, жолаушылар және де басқа да.
Тәртіп сақшылары жол-көлік оқиғасының негізгі себебі – жылдамдықты асыру, жол ережесін елемеу дейді. Осындай олқылықтарды азайту үшін патрульдік полиция қызметкерлері күн сайын тексерістер жүргізуде.
Ғабит Әбенов, Өскемен қ. ПБ патрульдік полиция батальонының командирі:
Өскемен қаласының патрульдік полиция батальонының жеке құрамы күнделікті профилактикалық жұмыс өткізуде. Әр жүргізушілерге жадынамалар таратылады. Және жаяу жүргіншілер өткелдерінде мектеп кезінде балаларды жаяу жүргіншілер өткелдерінен арнайы өткізіп, және де прафилактикалық әңгімелесулер өткізілуде.
«Қауіпсіз жол» акциясы – жүргізуші мен жаяу жүргіншінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Себебі, көлік қозғалысы тәртіп пен сақтықты талап етеді.
Талант Тұрсынов