Қылышын сүйреткен қыс та алыс емес. Әрине, осы кездегі өзекті мәселе жылыту маусымына әзірлік. Алтай ауданы аймақтағы ең суық өңірлердің бірі. Жергілікті билік өкілдері қыстың қамын жаз ойлап, дайындықты ерте бастаған. Әкімдік қазіргі таңда қажетті көмір қорын әзірлеп жатыр. Әсіресе, тұрғын үйлер, мектептер мен балабақшалардың дайындығы назарда.

Алтай ауданы әкімдігі қазіргі таңда көппәтерлі тұрғын үйлер, білім беру орындары мен әлеуметтік маңызды ғимараттар, инфрақұрылымдық нысандардың қысқа дайындығын қатаң тексеріп жатыр. Алтай қаласындағы қуаты 140,2 гигакалория болатын бес қазандық. Серебрянск кентіндегі қуаты 33,5 гигакалория болатын төрт нысан, Жаңа Бұқтырмадағы 53,5 гигакалория қуаттылығымен жұмыс істейтін бес қазандық және Средигорное ауылындағы қуаты 5,4 гигакалория болатын қазандық.

Қуат Жуанғанов, Алтай ауданының ТҮКШ жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы:

Қазіргі таңда білім беру және денсаулық сақтау және мәдениет нысандары бойынша 100 процент көмір қамтылған. Тұрғын үйлер бойынша қазіргі таңда 100 процент акт дайындық қолдары қойылған.

Ауданда тек қазандықтар емес, жылу және су желілерін жөндеу жұмыстары да жүйелі жүргізілді. «Жылу-су орталығы» 93 миллион теңгеден астам қаражатқа жөндеу жұмыстарын іске асырса, аудандық бюджет есебінен 400 миллион теңгеге жуық соммаға 11 нысан жаңғыртылды.

Талант Тұрсынов