Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты биылғы Жолдауы жастар арасында кеңінен талқыланып жатыр. Ел болашағын айқындайтын маңызды құжаттағы бастамалар білім беру мекемелерінде түрлі форматта насихатталуда. Соның бірі - пікірсайыс алаңындағы қызу ойталқы. Жастар тек тыңдап қана қоймай, Жолдаудағы мәселелерге қатысты өз көзқарастарын ашық айтып, ой бөлісті.

Жолдаудағы бастамаларды жастар дебат форматында талқылады. Бұл жолы пікірсайыс турниріне төрт команда қатысты. Олар түрлі көзқарасты ортаға салып, маңызды тақырыптарды саралады.

Жігер Сәрсенбаев, төреші:

Бүгінгі пікірсайысқа келетін болсақ, тақырыбы, жақында ғана 8 қыркүйек Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан» тақырыбымен тығыз байланысты. Сол Жолдауында «Әділетті Қазақстан, Адал азамат» ұғымдарын күнделікті қоғамда әрқашан тығыз байланысты ұстап отыру керекпіз. Пікірсайыс сол ұстанымды негізге ала отырып, жастардың арасындағы сыни ойлауды арттыру жастардың өз ойларын ашық айту, жеткізу. Біз демократиялық мемлекет болғандықтан дебат алаңдары мемлекеттік органдарда, университеттерде, колледждерде мектеп алаңдарында әрқашан болуы керек.

Сөз сайысы қарсыласқа уәж айтудан бөлек, мәселені жан-жақты саралап, оның шешу жолдарын іздеуге жол ашады. Қатысушылардың айтуынша, Жолдауды қызу талқылау - жастар үшін аса өзекті және келешекпен тікелей байланысты.

Ернат Файзуллаев, пікірсайысқа қатысушы:

Осы жылғы ерекшелік жасанды интеллект және заманауи даму бағытын Президентіміз өте жақсы қолға алып отыр. Ол көптеген проблемаларды шешеді деп ойлаймын. Ендігі таңда инфляция жағдайын болсын, инвестицияны тарту арқылы ішкі құрылымдық инфраструктураны жақсартуға жақсы үлес қосады деп ойлаймын. Әлем тілі сөйлеп жатқан жасанды интеллектпен байланыс орнатып, осы арқылы көптеген жұмысты жеңілдетіп, адамдардың өмірін ыңғайласытрады деген ниетте шықты деп ойлаймын.

Жарыссөз алаңының негізгі өзегі – жасанды интеллект. Президент Жолдауында бұл саланы ұлттық басымдық ретінде айқындап, оның болашақ экономиканың тірегіне айналатынын атап өтті. Цифрлы технологияларды меңгеру, жасанды интеллектіні дұрыс әрі тиімді қолдану - жастардың басты міндеттерінің біріне айналып отыр. Себебі, бұл тек IT саласына емес, медицина, білім беру, ауыл шаруашылығы секілді барлық бағыттарға өзгеріс әкелетін қуатты құрал. Сондықтан жастардың бұл тақырыпты терең талқылап, өзара пікір алмасуы – саналы қоғамның, бәсекеге қабілетті ұлттың қалыптасуына жасалған нақты қадам.

София Атымтай, пікірсайысқа қатысушы:

Жасанды интеллектіні дамыту, оны жастарға қарай насихаттау, қазіргі таңда өзекті мәселенің бірі. Қасым-Жомарт Кемелұлының айтуынша біз осы саланы дамыту арқылы болашаққа бір үлкен жоспарлар құрамыз және сол арқылы жете аламыз деп айтады. Меніңше, бұл тақырып, жастардың қолына алынып жатыр, біздің арамызда кең тараған. Жасанды интеллект өмірде де өтке кең қолданыста.

Қазіргі таңда еліміздің барлық білім беру мекемелерінде мұндай талқылау алаңдары белсенді жұмыс істейді. Президент Жолдауының жастар арасында талқылануы – ел ертеңіне бейжай қарамайтын саналы буынның қалыптасып келе жатқанының айғағы.

Қымбат Иманғали