Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ базасында Қазақ-Неміс ғылым және технология институтын дамыту консорциумын құру туралы келісімге қол қойылды. Шараға аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов пен Германия Федеративтік Республикасының Қазақстандағы Елшісі Моника Иверсен қатысты.

Екі ел арасында білім мен ғылым саласындағы ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктеріне жол ашылады. Бұл бастама Қазақстан мен Германияның жетекші жоғары оқу орындарын біріктіріп, ғылыми зерттеулер жүргізу, білікті мамандар даярлау және инновациялық жобаларды іске асыру бағытында сеп.

Нұрымбет Сақтағанов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:

Неміс Университеттерімен консорциум құрудың маңызы айрықша. Германия бұл инженерлік, және технологиялық инновациялар тұрақты даму және өнеркәсіптік автоматтандыру саласында бай тәжірибесі бар ел. Осындай серіктестермен ынтымақтастық техникалық университетімізге және бүкіл өңірге үздік тәжірибелемелерді қабылдап, білім мен ғылымға заманау стандарттарды еңгізуге сондай – ақ бірлескен зерттеулер мен халықаралық деңгейге шығаруға мүмкіндік береді.

Бұл шара университет қабырғасында басталған «Ғылым және білім: Қазақстан-Германия әріптестігі" тақырыбындағы апталық аясында өтіп отыр. Консорциум құрамына Қазақстан мен Германияның 7 жоғары оқу орны кірді. Шығыс Қазақстан минералдық-шикізат қоры бай болғандықтан серіктес ретінде таңдалып отыр. Бұл - елдің жаһандық нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттырып, өңірдің өндірістік қуатын күшейтетін маңызды қадам.

Моника Иверсен, Германия Федеративтік Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі:

Бүгінгі консорциумға қол қою рәсімі — білім беру ынтымақтастығының тағы бір маңызды қадамы. Біз Қазақстан тарапынан, әсіресе Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ жақсы серіктестік орнатып жатқанымызды атап өткім келеді. Ары – қарай жұмыла жұмыс істейміз деген ниеттемін. Неміс жоғары оқу орындарының бұл бастамаға белсенді қатысып жатқаны да қуантады.

Жаңа құрылған консорциум студенттер мен жас ғалымдарға берілген үлкен мүмкіндік. Енді олар академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысып, Германияның жетекші университеттерінде тәжірибеден өте алады.

Ақерке Абылайхан, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары:

Біздің білім алып жатқан студенттердің мына алып жатқан білімін практикамен ұштастыру маңызды. Сондықтан қосарлы білім беру бұл бағытта мына өндірістермен байланысты нығайту ерекше маңызы зор. Бүгінгі консорциумның құрылуы бұл білім бағдарламаларының мағынасын, мазмұнын экономиканың талаптарына сай жасауға рөлі ерекше.

Қазіргі таңда университетте білім алатын жастардың металлургия, тау-кен саласы бойынша түрлі жобаларды жүзеге асыру және инновациялық технологияларды қолданысқа енгізуі маңызды. Осы ретте бұл әріптестіктің берері мол.

Сәуле Рахметуллина, Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ ректоры:

Консорциумның негізгі бағыты ол тау – кен метталургия және тұрақты даму бағыты болып табылады. Және біздің консорциум не үшін құрылды. Біз әртүрлі фондтарға сұраныс беріп, сол жақтан инвестиция тартуға да мүмкіншілік береді.

Шара соңында Германиядан келген қонақтарға қазақы дәстүрмен естелік сыйлықтар табысталды.

Гүлдана Айдарқызы