Марқакөл ауданының әлеуметтік – экономикалық даму көрсеткіші қарқынды. Барлық салада өрлеу бар. Әсіресе туристік әлеуеті айтарлықтай артқан. Аудан экологиялық, ауылдық, сауықтыру және мәдени-танымдық бағытта белсенді дамуда. Елдімекендегі өзгеде бастамалар жайлы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аудан басшысы айтып берді.

Марқакөлде аудан экономикасын әртараптандыру, инвестициялық тартымдылықты арттыру және шағын бизнесті дамыту бағыттарында бірқатар жүйелі жұмыстар атқарылуда. Биыл тоғыз айдың ішінде ауданның өнеркәсіп өнімінің көлемі 9,9 млрд. теңгені құраған. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығының жалпы өнім көлемі 10,4%-ға артты.

Рүстембек Кемешев, Марқакөл ауданының әкімі:

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі екі есеге өсуімен 2 млрд 180 млн теңгені құрады биыл. Оның ішінде жеке инвестиция 4 есе өсті. Яғни млрд 549 да 8 млн теңге болды биыл. Құрылыс бізде қазір дамып үстінде болып жатыр екі жылдың ішінде. Құрылыстың өзі 6 есеге өсті биыл бізде. Млрд 40,5 млн. теңгені құрылыс бойынша жақсы көрсеткіштер көрсетіп жатырмыз.

Ауданда тұрғын үй мәселесі де назарда. «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы аясында республикалық бюджет есебінен көп балалы отбасылар мен әлеуметтік осал топтағы азаматтарға 5 жеке үй немесе 10 пәтер салу жоспарланған. Ал, халықты ауыз сумен қамту мәселесі де біртіндеп өз шешімін тауып келеді.

Рүстембек Кемешев, Марқакөл ауданының әкімі:

Ең бірінші мәселе сумен қаматмасыз ету. Сумен қамтамасыз ету бойынша жоспарлар бар. Абонентке ғана үйіне су тартылып, қалған 82 колонкадан су пайдаланып отыр. Ауыз су бағдарламасы бойынша мемлекеттің қолдауымен 2 млрдтың жобасы басталды. Яғни биыл 300 млн теңге бөлінген. Мердігер жұмысын атқарып аяқтау үстінде қазір.

Әлеуметтік салаға да айрықша көңіл бөлінуде. Аудан бойынша білім сапасы 71,2% құрайды. Сонымен қатар, биыл мектептерге 79,1 млн. теңгеге 7 кабинет сатып алынған.

Гүлдана Айдарқызы