Зайсан ауданында денсаулық сақтау саласы қарқынды дамып келеді. Шекаралық аймақта соңғы жылдары медицина мекемелері жаңартылып, тұрғындарға көрсетілетін қызметтің сапасы артты. Игі бастама ауданда әлі де жалғасуда. Мәселен, қазіргі таңда жұқпалы аурулар бөлімі күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Зайсанда іске асып жатқан өзге де шаралар жайлы әріптесім тарқатсын.
Зайсан аудандық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімі 1972 жылы пайдалануға берілген. Көп жылдар бойы жөндеу көрмеген ғимарат биыл ретке келтіріліп жатыр. 20 төсек-орынға шақталған бөлімді жаңғыртуға 200 млн. теңгеден астам қаражат бөлінген.
Іңкәр Мұхаметқалиева, Зайсан аудандық ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары:
Осы биыл 2025 жылдан бері облыстық бюджеттен 204 млн теңге көлемінде қаржылай көмек беріліп, соның арқасында қазір күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Қазір қарқынды жұмыс істеліп жатыр. Біз 80 пайыз жұмысын атқарып біттік.
Бұдан бөлек, Қаратал ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория салынып жатыр. Құрылыс жұмыстары мамандардың сөзінше, кестеге сай іске асырылуда. Екі бөлімнен тұратын мекеме күніне 50 адамды қабылдауға қауқарлы. Мұнда 20 орынға шақталған күндізгі стационар да бар. Жаңа нысан іске қосылса 20 медицина қызметкері ауыл халқының игілігі үшін еңбек етпек.
Жексенбай Тілеуберлин, Зайсан аудандық ауруханасының бас дәрігері:
Мемлекеттік ауыл ел бесігі бағдарламасына сәйкес, жалпы құны 755 млн тұратын дәрігерлік амбулаторияның құрылысында тұрмыз. Дәрігерлік амбулатория биылғы жылдың соңына дейін аяқталып, пайдалануға беру жоспарланып отыр. Енді амбулатория салынғаннан кейін өзінің заманауи медициналық техникалар келіп орналасады. Бұл ауыл халқының денсаулығын сақтауда, аурулардың алдын алуда үлкен өзінің үлесін қосады деп үміттенеміз.
Бұған дейін Қараталдағы амбулатория ескі балабақша ғимаратында тұрғындарға қызмет көрсетіп келген. Жаңа нысанда дәрігерлерге жүгінген азаматтар үшін сапалы қазмет көрсетуге бар жағдай жасалған.
Құралай Сағдолдина, Қаратал дәрігерлік амбулаториясының меңгерушісі:
Ескі балабақшаның ғимаратында жұмыс атқарып келдік. Халыққа қызмет көрсеттік. Міне ауруханамыз жаңадан ашылып жатыр. Жаңадан жұмыс орындарымыз ашылады осында. Жаңа аппараттар келеді бізге. Жаңадан лабараториялық аспаптар келеді, УЗИ аппараттары келуі мүмкін. Физио кабинеттері ашылуы мүмкін. Оған да жаңа аппараттар келуі мүмкін. Сол үшін жаңа ғимарат тез ашылып бізге қызмет көрсетсе деп ойлаймыз.
Минуар Сайранова, Қаратал дәрігерлік амбулаториясының мейірбикесі:
Ауылымызда екі учаске бар. Екі дәрігер қызмет атқарады. Бұрынғы отырған аурухана аздап көңілімізге сай болған жоқ. Енді міне жаңа аурухана салынып жатыр. Халық та қуанып жатыр. Іші кең жары. Енді осында қызмет етеміз.
Қаратал ауылында салынып жатқан жаңа дәрігерлік амбулаторияға ауыл тұрғындары дән риза. Олар бұл нысанның ашылуын көптен күткенін айтады.
Асқар Бүйрекбаев, Қаратал ауылының тұрғыны:
Ауылымызға аурухана салып жатқанына қуаныштымыз, Президентке рахмет айтамын. Облыс әкіміне, Аудан басшыларына. Әсіресе СМУ-Шығыс мекемесіне. Мына салынып жатқан ауруханаға өте қуаныштымыз. Жақын жер орталықта орналасқан. Бұрынғы екі қабатты болған. Оған кіріп шыққанға келмейтін. Мынау ыңғайлы бәрі бар оған ризамыз ауыл атынан. Жақсылық болсын халқымыз ауырмасын.
Зәкетай Сайланбек, Қаратал ауылының тұрғыны:
Қуаныштамыз шынын айтқанда. Үйім осы аурухананың жанында. Өзім демікпемен ауыратынмын. Бұрынғы аурухананың қабатына шыққанда ентігіп қалатынмын. Мынау енді жақсы болды, халыққа жақсы болды.
Медицина саласындағы өзгерістер – халық игілігі үшін жасалып жатқан нақты қадамдар. Денсаулық сақтау нысандарының жаңаруы – ұлт болашағына бағытталған маңызды бастама.
Нұртас Қайролдаев