Самар ауданында егін және мал шаруашылығын қатар дамытып отырған жетекші кәсіпорындардың бірі – «Мәмбет» шаруа қожалығы. Қожалық бүгінде өнім өндіруден бастап оны нарыққа шығару ісін жемісті жүзеге асырып келеді.
«Мәмбет» шаруа қожалығының қарамағында үш мың гектардан астам жер бар. Оның 100 гектары – суармалы алқап. Келешекте бұл көлемді 400-800 гектарға дейін ұлғайту жоспарланған. Қожалықта бірнеше цех жұмыс істейді. Олар диірмен, жарма өндіретін цех және мал азығын әзірлейтін құрама жем бөлімдері. Өткен жылы мұнда түйіршіктелген құрама жем шығару желісі іске қосылды.Мұнда өнідірлген өнімге сұраныс жоғары. Аймақ тұрғындарынан бөлек, Алматы мен көршілес Өзбекстан нарығына да жөнелтіледі. Кәсіпорында 80-нен астам азамат еңбек етеді.
Есімбек Мәмбетов, «Мәмбет» шаруа қожалығының басшысы:
Шаруа қожалықты құрғалы, тоқсан үшінші жылы құрылған. Содан бері жұмыс істеп келе жатырмыз. Қазіргі таңда ауыл шаруашылығымен айналысамыз. Соның ішінде егістік жеріміз бар, біраз малымыз бар, одан кейін сол өңдеу цехтарымыз бар. Осы өңірде, осы маңайда өндіреміз және сатамыз. Одан кейін бір шеті сол Өзбекстан, Алматы сол жақтарға шығарып, сатып жатырмыз. Енді қазіргі таңда сол мал шаруашылығын қолға алып жатырмыз.
Шаруа қожалығы басшысының айтуынша, өңдеу ісі – олардың басты бағытының бірі. Өңірде сұранысқа ие тары, арпа өнімдері осында өңделіп, майда,арпа жармасы және мал азығына қажетті түрлі қоспалар дайындалады. Жергілікті тұрғындарға қолжетімді бағада сатылады, ал қалған өнім сыртқы нарыққа шығарылады. Егіншіліктен бөлек, қожалық соңғы жылдары мал басын көбейтуге ерекше ден қойып отыр.
Руслан Өміржанов, Инженер:
Шаруа қожалығында істегеніме он бес жыл болды. Инженер болып істеймін, бригадир. Енді бригадамда слесарьлер, сварщик, электрик сондай специальносттар ғой. Производственный цехтерге қараймын. Тары өңдейміз, перловка арпадан. Комбикорм шығарамыз малға. Басшылық жақсы. Бір-бірімізді жақсы түсінеміз.
«Мәмбет» шаруа қожалығы – Самар ауданындағы ауыл еңбеккерлерінің тынымсыз еңбегінің арқасында дамып отырған ірі өндіріс орны.
Талант Тұрсынов