Облыста қысқы балық аулау орындарында рейдтік шаралар күшейтілді. ТЖД қызметкерлері су айдынындағы балықшылармен түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сала мамандары ауа температурасының төмендеуінен мұз еріп, азаматтарға қауіп төнуі мүмкін екенін еске салады.

Рейдтік шаралардың мақсаты - балықшыларға мұз үстіндегі қарапайым қауіпсіздік ережелерін еске салу. Барынша көп адамды қамту үшін алдын алу жұмыстары түнгі уақытта да жүргізіледі. Мұз үстіндегі қауіпсіздік талаптарын сақтамау салдарынан жыл сайын қайғылы жағдайлар орын алуда.
Дина Бексұлтанова, Өскемен қ. ТЖБ бас маманы:
Сала мамандары тұрақты түрде рейдтік ішараларды өткізіп тұрады. Азаматтарды қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырамыз. Ауа райы тосын мінез танытқан уақытта мұз үстіне шықпау керектігін ескертеміз.
ТЖД дерегінше су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларына сәйкес, мұз қалыңдығы 25 сантиметрден аз болған жағдайда азаматтар өздерімен бірге қажетті құрал-жабдықтарды алуы қажет. Ал оқыс оқиғаның куәсі болсаңыз «112» нөміріне хабарласыңыз.
Сая Жарасқызы