Өскеменде Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің ұйымдастыруымен «Тегін заң көмегі күні» акциясы өтті. Шара аясында қала тұрғындары азаматтық, отбасылық, еңбек, тұрғын үй және әлеуметтік мәселелер бойынша тегін құқықтық кеңес алды. Акцияға әділет департаменті, адвокаттар алқасы, нотариаттық палата, жеке сот орындаушылар және заң консультанттары палатасының өкілдері қатысты. Мақсат — азаматтардың құқықтық сауатын арттыру, заңды мүдделерін қорғау.

Мамандар әрбір өтініш иесіне жеке кеңес ұсынып, нақты құқықтық жағдайлар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бұл – құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Заң мен тәртіп» қағидаты аясындағы жүйелі шаралардың бірі.

Айжан Нұртазина, ШҚО әділет Департаментінің құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету бөлімі басшысының м.а.:

Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментімен «Алтай» көтерме-бөлшек сауда орталығы «Тегін заң көмегі күні» акциясы ұйымдастырылды. Акция аясында өңірдің заң қауымдастығы – адвокаттар, нотариустар, жеке сот орындаушылары мен заң кеңесшілері азаматтарға барлық бағыт бойынша құқықтық көмек көрсетуде. Шараның мақсаты «Заң және тәртіп» қағидаты аясында азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу. Айта кету керек, бір күнде қаралмай қалған мәселелер бойынша азаматтар кепілдендірілген мемлекеттік заң көмегі шеңберінде де кеңес ала алады. Бұл жүйеге облыс бойынша 69 адвокат пен 23 заң кеңесшісі тартылған. Алимент, әлеуметтік мәселелер бойынша зейнеткерлер, әскери қызметшілер, бірінші және екінші топтағы мүгедектер, сондай-ақ аз қамтылған азаматтар заңнамаға сәйкес тегін заң көмегіне жүгіне алады.

Сала мамандарының айтуынша, тұрғындар арасында ең жиі көтерілетін мәселелер – алимент өндіру, микроқаржылық ұйымдар мен банктер алдындағы берешек. Заңгерлер борышкерлердің құқықтарын түсіндіріп, микроқаржылық ұйымдардың үшінші тұлғаларға мәлімет таратуға, туыстарын немесе жұмыс орнын мазалауға заңмен тыйым салынғанын ескертеді. Мамандар әрбір жағдайға заң шеңберінде нақты бағыт-бағдар беру құқықтық сауаттылықты арттырудың ең тиімді жолы дейді.

Бақыт Санатова, ШҚО жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының жеке сот орындаушысы:

ШҚО Әділет департаменті ұйымдастырған « «Тегін заң көмегі күні» акциясы аясында азаматтарға атқарушылық іс жүргізу кезінде туындайтын мәселелерге жауап беретін боламын. Көп адамдар өз құқығын білмегендіктен көп қиындықтарға жолығып жатады. Осындай акциялар нақты бағыт беріп осындай мәселелерді заңды жолмен шешуге көмектеседі. Көбінесе қозғалатын мәселелер алимент өндіру жөнінде. Қалай берешектер анықталады және қандай мәжбүрлеп өндіру шаралары қолданады. Микро займдар бойынша және екінші деңгейлі банктердің пайдасына борышкерлерден қарыз сомасын өндіру туралы атқарушылық істер өте көп. Олар қозғалғанан кейін бірден мәжбүрлеп өндіру шаралары қолданылады. Егер борышкер тұрақты жұмыс істейтін болса олардың тұрақты жұмысына жалақысының 50 пайызын ұстап қалу туралы қаулы жолданады. Сол жалақысынан ұсталып қарызы жабылады.

Тегін заң көмегіне жүгінген азаматтар мұндай акциялардың тиімді екенін айтады. Көпшілік үшін кәсіби заңгерлер мен адвокаттардан бір мезетте кеңес алу – қолжетімді әрі пайдалы. Тұрғындар өздерін мазалаған сұрақтарына толық жауап алып, құқықтық тұрғыда сауаттанғандарын жеткізді.

Дидар Құсайынов, қала тұрғыны:

Консультация келіп алуларыңызға болады. Заңгерлер, адвокаттар және жеке сот орындаушылар келіпті. Мен де өзімді ойландырған сұрақтар болған, сол сұрақтарға консультация алып, барлығын түсіндім. Жақсы осылай көмек көрсетіп жатқандары. Осындай акциялар болаберсін. Кейбір адамдар өз құқығын дұрыс білмейді дегендей. Сол себепті осындай акциялар болып, консультациялар алып. Сөйтіп өз заңдарын біліп дегендей.

Анар Сыдықова, қала тұрғыны:

Акцияны естіп келіп отырмын консультацияға. Өзіме керекті кеңес алдым адвокаттан. Керемет жақсы деп ойлаймын. Үйткені тегін деген нәрсе жоқ қой. мен өзіме тиімді керекті информациямды алдым. Маған ұнады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Тегін заң көмегі күні» – бір реттік акция емес. Алдағы уақытта да халық көп шоғырланатын орындарда осындай құқықтық акциялар жалғасын табады. Мақсат – қоғамда заң үстемдігін күшейтіп, әр азаматтың өз құқығын білуіне жол ашу.

Нұртас Қайролдаев