Өңірдегі автожолдарды жаңғырту жұмыстары қарқынды жалғасуда. Жұмыс сапары барысында аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов шығыстағы негізгі жолдарда жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының барысымен танысып, олардың сапасы мен орындалу мерзімін бақылауға алды.
Облыс әкімі республикалық маңызы бар Өскемен – Шемонаиха автожолындағы орташа жөндеу жұмыстарының барысын да тексерді. Бұл бағытта ұзындығы 27 шақырым болатын учаске жаңартылуда. Құрылыс алаңында 60 арнайы техника жұмылдырылған. Қазіргі уақытта жолдың 14 шақырымы толық жөнделіп, жұмыстар белгіленген кестеге сәйкес жалғасуда.
Алмас Қасенов, «ҚазАвтоЖол» АҚ ШҚОФ директорының орынбасары:
ШҚО да осы, Өскемен Шемонаиха және Ресей Федерациясы республикалық маңызы бар автожолы. Оның жалпы ұзындығы 120 шақырым. Бүгін осы 2025-2026 жылға жұмыстар жүргізілдері жоспарланған. 2025 жылы 30 шақырымы пайдалануға берілді. Және 90 шақырымы биыл жылы жұмыстар жүргізі жатыр.
Облыс әкімі сапалы жол инфрақұрылымы тұрғындардың қауіпсіз әрі жайлы қатынауын қамтамасыз етіп қана қоймай, елді мекендердің көлік қолжетімділігін арттыруға және өңір экономикасының дамуына оң ықпал ететінін атап өтті. Жолдарды жаңарту – біздің басым бағыттарымыздың бірі. Сапалы әрі қауіпсіз жолдар тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін береді деді.
Нұрымбет Сақтағанов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:
Шемонаиха жолына келетін болсақ өздеріңіз көріп отырсыздар Бүгінгі күні 27 км жол қалды Мердігер Облыс Шығыс жол компаниясы. Ол мықты облысмыздағы компаниялардың бірі. Бұл компанияда бірінші қыркүйекке дейін осы жолды толығымен бітіреміз деп айтып отыр.
Бұдан бөлек, Риддер – Өскемен автожолында да күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы ұзындығы 75 шақырымды құрайтын жол учаскесінің бүгінгі күнге дейін 64 шақырымы толық жөнделген. Қалған
бөлігін асфальттау жұмыстары күз басталғанға дейін аяқталады деп жоспарланып отыр.