«Таза Қазақстан» акциясы өңірлерде белсенді жүргізіліп жатыр. Самар ауданында волонтерлер мен «Жасыл ел» жастар жасағы Бұқтырма су қоймасының жағалауын қоқыстан тазартты. Экологиялық акцияға аудан прокуратурасының қызметкерлері де қатысты.

Бұқтырма су қоймасының жағалауында тазалық жұмыстары жиі жүргізіледі. Жаз мезгілінде демалушылар келетін орында тазалық пен тәртіпті сақтау - баршаға ортақ міндет. «Таза Қазақстан» республикалық бастамасы мен «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында өткен экологиялық акцияға «Жасыл ел» еңбек жасақтарының жастары белсене қатысып, жағалау аумағын тазартты. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, экологиялық акцияның мақсаты - табиғатты қорғау ғана емес, тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыру. 

Ерназар Сауық, Самар ауданы «Жастар ресурстық орталығының» директоры:

Самар ауданы бойынша Жасыл ел бағдарламасы аясында жалпы 120 квота бөлінген. Қазіргі таңда 50 бала жұмыс жасауда. Жастары 16 мен 35 жастағы жастар. Жалпы олар ауданның тазалық жұмыстарына қатысуда. Бүгінгі шараға 40 жасыл ел жасағы қатысты. Осы жағалауда тазалау жұмыстарын жүргіздік.

Акцияға аудан прокуратурасының қызметкерлері де белсенді қатысты. Олар қоршаған ортаны қорғау мен қоғамдық тәртіпті сақтау әр азаматтың міндеті екенін атап өтті.

Әділет Қуандықов, Самар ауданының прокуроры:

Біз азаматтарды тұрмыстық қалдықтарды тазалап, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды сұраймыз. Қоқыстарды әрқашан белгіленген орындарға тастауларыңызлы сұраймыз.

Мұндай шаралар өңірде тұрақты түрде өтіп келеді. Белсенді жастар табиғатты аялау - бір күндік акция емес, әр азаматтың күнделікті дағдысына айналуы тиіс екенін айтады. 

Бекарыс Секен