Мектептің негізгі жұмысы – білім беру. Десек те, оқушылар мен қызметкерлердің қауіпсіздігі қашан да жоғары орында тұрары хақ. Осы мақсатта білім ордаларындағы дәліздер мен кабинеттерде орналасқан бейнебақылау камераларынан бөлек, төтенше жағдайға арналған дабыл түймелері де қойылуда.Оқу жылының басында қаладағы жалпы білім беретін мектептерде Полиция және Білім басқармасының келісімі бойынша дабыл түймелері орнатылды. Олар кіреберіс пен мектеп директорының кабинетіне қойылған. Төтенше жағдайларға арналған түймелердің көмегімен кез келген уақытта қауіп туған жағдайда патрульдік полиция батальоны мен күзет ұйымы қызметкерлерінің жасағын шақыртуға болады.Тәртіп сақшыларымен бірге мектептегі дабыл түймесін сынап көруді шештік. Жасақ расында да көп күттірмей 3 минут 40 секундта жедел жетті. Мұның бәрі түймені басқан кезде қауіпсіздікке жауапты қызметке де басқару орталығына да жедел сигнал берілуінен.Сонымен қатар, қала мектептерінде бейнебақылау камераларының көмегімен де қауіпсіздікті бақылау жұмысы күшейтілген. №36 мектепте 48 камера орналасқан болса, оның 19-ы мектеп ішіне қойылған.