Ұлан ауданында үлкен мереке. 1932 жылдан бері халықтың сүйікті ақпарат көзіне айналған аудандық газет 90 жылдығын тойлауда.
«Ұлан таңы» газетінің тарихы тереңде жатыр. Басылым бастапқыда «Социалистік майдан» деген атпен жарық көріп, кейіннен «Өркен-Расцвет» атауына ауысқан. Газеттің тұңғыш редакторы белгілі журналист Забер Баянов. Ал 51 жыл өмірін осы газетке арнаған Жансап Жанғозин, «Социалистік майдан» облыста ең бірінші болып негізі қаланған аудандық басылым, екендігін айтады.
28 жыл бас редактор қызметінде болған Жансап Жанғозин ғасырға жуық уақыт жарық көріп келген бұл басылымның ары қарай жасай беретініне сенімді. «Ұлан таңы» бірнеше республикалық, бүкіл одақтық байқаулардың бас жүлдегері атанған. Басылым бетіне алғашқы мақаласын 6 сыныпта жазған Сәдібек Түгел, бұл газет шығармашылық саланы таңдауыма тікелей себепкер, - дейді.
Газеттің қазіргі бас редакторы Эльмира Ахметова басылым тарихында осы қызметке тағайындалған 24-ші адам. «Ұлан таңы» - бұл аудан үшін үлкен мұра, халықтың айнасы, - дейді. Ал бүгінге дейінгі жетістіктер аға-буынмен қазіргі жастардың байланысының арқасында келген дүние екенін айта кетті өз сөзінде.
Шара соңында аудан әкімі Ренат Құрманбаев газеттің болашағы үшін тыңбай еңбек еткен жандарды марапаттап, бағалы сыйлықтарын табыстады. Мерейтой концерттік бағдарламамен жалғасты.