Шығыс Қазақстан облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің қабырғасында сарбаздарды шығарып салу рәсімі өтті. Елуден астам жас шекара қызметін енді Зайсан ауданында өтейді.

Аудан-қалалардан жолданған жастар бұған дейін  психологиялық, кәсіби және медициналық тексерістен өткен. Бөлім басшыларының айтуынша, сарбаздардың аман-сау үйлеріне оралуы, сапалы әскери қызмет атқаруы қамтамасыз етіледі. 

Сарбаздар Зайсан қаласында  үш ай бойы шекаралық дағдыларға үйретілмек. Шараға тек әскерилер ғана емес, белгілі спортшылар да қатысып, жастарға  сәттілік тіледі.   

Жиынның негізгі мақсаты жастар бойындағы жауынгерлік рухты ояту. Дегенмен, әскерилер жас сарбаздарға сенімдіміз дейді.