Мемлекет тарапынан ерекше қажетіліктері бар балалар үшін әрдайым қолдау көрсетіледі. Оларды қоғамға бейімдеу үшін барлық жағдай жасалған. Мәселен, Өскемендегі «Ғажайыптар әлемі» түзеу және оңалту орталығында ерекше балалар мен олардың ата-аналарына көмек көрсететін білікті мамандар жұмыс істейді.

 «Ғажайыптар әлемі» түзеу және оңалту орталығы мінез-құлқында ерекшелігі бар балаларға арналған елдегі алғашқы балабақша. Мекемеде балғындарға қажетті жағдайдың барлығы жасалған. Балабақшаның басты ерекшелігі сабақтардың барлығы бір ғимаратта өтеді.

Орталықта тұз шахтасы, бассейн, сенсорлық интеграция және емдік дене шынықтыруға арналған кабинеттер бар. Негізінен, «Sport Special» қызметкерлері әр баламен жеке-жеке сабақ өткізеді. Орталық маман тапшылығы жоқ.

Мұнда кез келген баланың бірқалыпты және жан-жақты дамуына бағытталған қажеттінің бәрі бар. Ата-аналарға кеңес беріледі және психологиялық қолдау көрсетіледі.