Ұлан ауданына қарасты Таврия ауылының тұрғындары Қазақстан халқының бірлігі күнін кең көлемде, ерекше сән-салтанатпен атап өтті. Ауыл халқы үшін мазмұнды да мәнді шарада мәдени бағдарлама ұйымдастырылып, мерекеге жиналған көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй мен ұмытылмас әсер сыйлады.

Мерекелік шараның басты ерекшелігі – түрлі этнос өкілдерінің басын қосып, бірлік пен татулықтың айқын көрінісіне айналуы болды. Сахна төрінде ауданның өнерпаздары мен шығармашылық ұжымдары өнер көрсетіп, көрермен назарына ұлттық нақыштағы әсем әндер мен би қойылымдарын ұсынды. Әрбір өнер еліміздің бай мәдени мұрасын, сан түрлі ұлттардың салт-дәстүрі мен рухани құндылықтарын айшықтап, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.

Арман Бекбосынов, Ұлан ауданының әкімі:

Баршаңызға тілейтінім зор денсаулық, әрбір отбасына бақ береке бақыт. Қазіргі уақытта ең керек нәрсе аспанымыз ашық еліміз тыны болсын.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, мұндай игі шаралар халықтың бір-бірін тереңірек танып-білуіне, өзара құрмет пен түсіністікті арттыруға үлкен септігін тигізеді. Сонымен қатар, бұл – қоғамдағы ынтымақ пен келісімді нығайтып, ел ішіндегі татулықты бекемдей түсетін маңызды бастама.

Айта кету керек, мереке тек концерттік бағдарламамен шектелмей, ауыл тұрғындары үшін жылы жүздесулер мен емен-жарқын әңгімелерге, ізгі тілектер алмасуға мүмкіндік берді. Үлкендер мен жастар бір дастархан басында бас қосып, бірлік пен берекенің қадірін тағы бір мәрте сезінді.

Нұрдәулет Қалибеков