Жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру мақсатында Өскемендегі № 46 орта мектепте республикалық семинар өтті. Облыстың әр ауданынан келген білікті мамандар облыс орталығында бас қосып, тәжірбие алмасты. Теориялық білімдерін жетілдірді.

Білікті педагогтің міндеті – білімді ұрпақ тәрбиелеу. Семинар –ұстаздардың кәсіби шеберліктерін арттыруға арналған. Ұйымдастырылған шараға Алтай, Күршім, Зайсан аудандары мен Шемонайха, Риддерден бөлек, Абай облысынан келген бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.

 «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ШҚО филиалы мен Білім басқармасы бас қосып ұйымдастырған шара білім беруде тиімді әдістер қолдануға бағытталған. Семинарға республикалық деңгейдегі сарапшы, педагогика ғылымдарының магистрі Мәдениет Хабатұлы келді. Ол «Сабақты зерттеудің ұлттық салтпен байланысы» тақырыбында сөз өрбітті.

Бастауыш сынып мұғалімі Анар Мұқашева білім беру ісінде қолданылатын тың әдістердің маңыздылығы орасан зор екенін айтады.

Ал, Зайсан ауданы мен Риддер қаласынан келген ұстаздар семинардың берері көп, дейді. Мұғалімдердің айтуынша, бұл жерде алынған білім ендігі өз тәжірибелерінде қолданылатын болады.

Сапалы білім беруде «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығының ұстаздары әр өңірдің мектептерімен тығыз байланыс орнатқан. Ал, бұл семинардың ұстаздарға берер дүниесі көп.