Глубокое кентінің орталық алаңында тұрғындар үшін «28 панфиловшы» фильмінің көрсетілімі ұйымдастырылды. Туындыны тамашалауға келген жұрштылықтың қарасы қалың. Шараға арна тілшісі де барып қайтты.
Көрсетілім ашық аспан астында, жайлы атмосферада өтті. Фильмде батырлардың ерлігі баяндалып, тарихи оқиғалар көрсетілді.Тұрғындар туындыны бір демде тамашалап, соғыс жылдарын көзбен көрді.
Ұйымдастырушылардың сөзінше, мұндай шаралар жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді қалыптастырады. Жеңіс күнін, ардагерлердің ерен еңбегін ұмытпауға әрі насихаттауға сеп болады.
Фильмді тамашалауға келген тұрғындар өз пікірлерімен бөлісіп, мерекемен құттықтады.
Кент тұрғындары жарқын болашақ үшін жанын қиған батырларды ешқашан ұмытпақ емес.