Үлкен Нарын ауылында қаза тапқан жұмысшылардың отбасыларына жан-жақты көмек көрсетіледі. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов мәлімдеді. Өңір басшысы қайғылы жағдай орын алған ауданға шұғыл түрде барды. Еске сала кетейік, кеше ауылдағы су құбыры жарылған жерде апаттық-қалпына келтіру және жер қазу жұмыстары кезінде топырақ опырылып, “Нарын КомХоз Сервис” коммуналдық кәсіпорнының екі қызметкері қаза тапты. Олар 1983 жылы туған дәнекерлеуші Ержан Айтпаев және 1970 жылы туған слесарь Сергей Кастерин.
Оқиға орнында облыс әкімі арнайы комиссия мүшелеріне үндеу жасап, өнеркәсіптік және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты қолданыстағы регламенттерді түбегейлі қайта қарау қажеттігін атап өтті.