Облыс орталығына жұмыс сапармен Ираннан арнайы делегация келді. Делегация мүшелері алдымен аймақтың агроөнеркәсіптік секторымен танысты. Кездесуде екіжақты ын¬ты¬¬мақ¬тас¬тықтың өзек¬ті мәселелері тал¬қы¬¬лан¬ды.

Ирандық делегацияның жұмыс сапары бес күнге созылмақ. Олар осы аралықта өңірдің түрлі шаруа қожалықтарының қызметімен танысады. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеумен айналысатын кәсіпорындарға барады.

Делегация құрамы аймақтың мал және өсімдік шаруашылығын дамыту бағытындағы мүмкіндіктерін жоғары бағалады. Инрандықтар бірлескен бизнес жобаларды жүзеге асыруға ниетті.

Кездесу барысында Иран мен Шығыс Қазақстан облысы арасындағы жүк тасымалын дамыту мәселесі де сөз болды. Мамандардың айтуынша, логистиканы дамыту елдер арасындағы тауар айналымын ұлғайтуға тың серпін береді.