Облыс орталығында Отан қорғаушылар күніне орай әскери қайраткер, армия генералы, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетовтің ескерткішіне гүл шоқтары қойылды. Қала тұрғындары батыр рухына тағзым етіп, әскери қызметшілерге құрмет көрсетті.

Салтанатты жиын әскери қайраткер есімімен аталатын саябақта өтті. Аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов Қазақстан Қарулы Күштерінің ардагерлеріне, құқық қорғау органдары мен қорғаныс саласы қызметкерлеріне алғыс хат табыстап, Сағадат Нұрмағамбетовтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Шараға облыс басшылығы, әскери құрылым өкілдері, ардагерлер мен жас буын, құқық қорғау органдарының қызметкерлері және қоғамдық ұйымдар қатысты.

Сағадат Нұрмағамбетовтің ерлік жолы – көпке өнеге. Әсіресе жас сарбаздар үшін батыр бабаның өмірі - отансүйгіштіктің жарқын көрінісі.

Отан қорғаушылар күні – ел қорғау жолындағы ерлік пен жанқиярлықты еске салып, болашақ ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеуге үндейтін маңызды мереке. Сағадат Нұрмағамбетовтің есімі мен ерлігі ел жадында әрдайым сақталмақ.