Қазақстанда шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар белсенді жүзеге асырылып келеді. Соңғы уақытта Зайсан ауданында кәсіпкерлік саласының даму қарқыны жоғары. Елді мекенде өз кәсібін ашып, нәсібіне айналдырып отырған тұрғындар жетерлік. Рет-ретімен тілші сюжетінде.

Күнай Ерсанқызы тапсырыс бойынша салат дайындайды. Аспаздың шағын асханасында барлық жағдай қарастырылған. Кәсіпкердің қолынан шыққан әр тағамға сұраныс жоғары. Нәтижесі де жақсы.

Хадиджа Табиғат осыдан тура бір жыл бұрын Алматы қаласынан Зайсанға қоныс аударған. Осылайша жас ана балаларына қарай жүріп, өз кәсібін бастайды. Бүгінде аспаздың дайындаған тағамдары тіл үйіреді. Жергілікті тұрғындар арасында да танымал. Бағасы да қолжетімді. Ол өз ісін бастаймын деген азаматтарға мүмкіндік мол екенін айтады. Тек ниет керек дейді.

Ал, Светагүл Рашиева мемлекеттік грантқа өткен жылы ие болған. Осы уақыт аралығында кәсібінің нәсібін көріп отыр. Кілем тазалау және көлік жуу қызметтерінің сұранысқа ие болғаны соншалық жұмыс бір күнге де тоқтамайтын көрінеді. Шағын кәсіп бүкіл отбасы үшін тұрақты табыс көзіне айналған. Дегенмен кәсіпкер бір орында қалмай, алда бірнеше жобаларды жүзеге асырсам, дейді.

Кәсіп көзін тауып, халықтың қуанышын арттырып, тұрғындарға қалтқысыз қызмет етіп жүрген жандардың еңбегі ерен.