Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев «Өскемен жылу жүйелері»АҚ барды. Аймақ басшысы орталық қызметкерлерімен кездесіп, мекемені дамыту жоспарымен танысты.

Аймақ басшысы мекеме қызметімен танысып, орталық басшылығымен алдағы уақытта іске асырылатын бастамаларды талқылады. Облыс орталығын жылумен қамтып отырған мекеме алдағы уақытта жаңа технологияны қызмет барысына енгізуді көздеп отыр. ШҚО әкімі ең алдымен ЖЭО автоматтандыру ісін жеделдету қажет екендігі айтты.

Мекеме мамандары биылғы жылыту маусымы сын-қатерлерсіз өтті. Ендігі мақсат алдағы маусымға дайындықты сәтті іске асыру.

Биыл Өскемендегі жылу жүйелерін жаңығру жұмыстарын іске асыру көзделген. Соның аясында қаладағы 12 шақырымнан астам құбырды жаңарту жоспарланып отыр.