Күршім ауданында Ұлттық домбыра күні ерекше сән-салтанатпен аталып өтті. Бұқтырма жағасында ұйымдастырылған мерекелік шараға жиналғандардың қарасы қалың. Салтанатты шарада абаттандырылатын жағажайдың, жаңа демалыс орнының таныстырылымы да өтті.

Домбыра күніне орай ұйымдастырылған шарада киіз үйлер тігілді. Бұдан бөлек, ұлттық спорт түрлерінен ұйымдастырылған сайыс атаулы күннің көркін қыздырды.

Нұрсовет Қайыров, Күршім ауылының тұрғыны:

Күршімде халық өнерлі. Жаңа көрдіңіздер оркесторды, Мақпал мен Бақытбекті. Ондай әншілер көп. Өнерлері дами берсін. Жақсылық бола берсін. Домбыра күні өте жақсы өтіп жатыр. Өте ризамыз.

Абай Мұхтаратұлы, Күршім ауылының тұрғыны:

Өзіміздің төл мерекеміз, домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймын. Барша қазақстандықты құттықтаймын. Туризм бағытында жақсы жол ашылып, тың серпін беріп жатыр деп ойлаймын. Бұл әрі қарай жалғасын таба береді. Бұдан да жақсы мәдени шаралар өте береді деп ойлаймын. Оған өз үлесімізді де қосамыз.

Мерекеде елді қуантқан тағы бір жағымды жаңалық жарияланды.

Мейржан Альбеков, Күршім ауданының әкімі:

Жарық келсе, жол жөнделсе. Бұл жерлердің біразы берілген де. Бұдан кейін кәсіпкерлерге арнайы жерлер конкурспен берілетін болады. Яғни қонақ үйлер, дәмханалар. Бұл жердің тағы бір ерекшелігі жаз мезгілінде ғана емес. Қыстың күні балық аулауға да жол ашық. Яғни салынатын үйлер де қыста да қабылдай алатын мүмкіндігі бар.

Шараға арнайы келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мақсат Толықбай тұрғындарды мерекемен құттықтап, демалыс орнының жоспарымен танысты.

Мақсат Толықбай, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Бұл енді ауданның көркі ғой кіреберістегі. Бұл жарқырап тұруы керек. Міне тоқ бар қасымызда жүз метрде. Тартуға боладығой. Астынан су шығарып, балалар ойнайтын алаңқай керек. Кішігірім анфитеатры бар. Осы облыстық деңгейдегі жергілікті бюджетпен жұмысты бастап кетуге болады. Өткенде осындай тапсырма бергенбіз. Көзбен көрдік. Эскиздік жобасы дайын. Биыл жұмыстар басталады. Өзімнің тікелей бақылауыма аламын. Келесі жылы осы жерге келгенде көп өзгеріс болады деп ойлаймын.

Күршімде жаңа демалыс орнының құрылысын жүргізуге ниетті кәсіпкерлердің қарасы қалың. Бастама іске асса ауданда туризм саласын одан әрі дамытуға жол ашылады.


НҰРТАС ҚАЙРОЛДАЕВ