Ұлттық домбыра және Астана күніне орай О.Бөкей атындағы қалалық кітапханада «Бабамның үні – домбыра» және «Менің Астанам» атты кітап көрмесі өз жұмысын бастады. Келушілер назарына екі ішекті, тоғыз пернелі аспаптың тарихын тереңнен тарқататын дерек-дәйектер мен Астананың көрікті ғимараттарының суреттері ұсынылған.

Көрмеде Астананың өткені мен бүгініне арналған зерттеулер, көркем әдебиет пен фотоальбомдар топтастырылған.

Алмас Қожым, О. Бөкей атындағы қалалық кітапхана қызметкері:

Көрмеде елордамыз Астанаға арналған арнайы түрде жасалған. Бұл көрмеде сурет галериясы және Астана туралы әр түрлі кітаптар бар. Бұл көрме шілденің басынан, мереке аяқталғанға дейін болады. Көрмеге әр түрлі жастағы біздің оқырмандар, осы кітапханаға келушілер тамашалай алады.

Кітап - өткен мен бүгінді байланыстыратын алтын көпір. Осындай көрмелер арқылы руханиятымызға бет бұрып, ұлт болмысын тануға жол ашылады. Ал, көрмені қызықтауға келген мектеп оқушылары дән риза. Келушілер назарына қазақтың күй өнері мен домбыраның тарихын баяндайтын туындылар ұсынылған.

Ерасыл Құмарғазы, оқушы:

Осы кітапханаға күнделікті келіп тұрамын. Астана күніне және домбыра күніне орай мұнда қызықты көрме қойылыпты. Мен үшін бұл көрме өте қызықты.

Батырхан Мәдени, оқушы:

Бұл көрмелер көптеген тарихи мәліметтерді береді. Мысалы мұнда тұрған кітаптарға қарасақ көптеген монуметтерді көруге болады.

Тарихынан сыр шертетін кітап көрмесі мереке аяқталғанға дейін жалғасады.


Кәусар Идаятқызы