Ұлттық домбыра күніне орай облыс орталығынла дрижёрлер форумы өтті. Шара аясында «Дирижёрлер парады» атты гала-концерт көпшілік назарына ұсынылды. ТМД елдерінен келген танымал дирижёрлер тоғысқан кешке әріптестерім барып қайтты.

Салтанатты шараның шымылдығы түрілмес бұрын, дрижёрлер қызыл кілеммен жүріп өтті. Өнер майталмандарына ерекше ықылас көрсетілген кеште Байжігіт атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің әртістеріне сертификаттар табысталды.

Жалғасбек Бегендіков, дирижер (Алматы):

Біздегі шара қазір ШҚО-ғы үлкен халықаралық деңгейдегі дрижерлер шеруі. Бұл бұрынсоңды болмаған. Бұрын бір-екі облыста болды, қазір шығыста болып жатыр. Өте мақтан тұтатын жағдай. Бұл жердің әкімшілігі, басшылығы осындайға қолдау жасап, осы өңірдің өнерін көтеріп. Қазір енді халыққа біз жасаған програмамызды көрсетеміз.

Форумға Қазақстан, Қырғызстан, Ресей Федерациясының танымал дирижёрлері қатысты. Салтанатты жиында мәдениет қайраткерлері мен кәсіби қауымдастық өкілдері де бой көрсетті. Шараның мақсаты - Қазақстан мен шетел музыканттары арасында тәжірибе алмасу, әрі қазақтың ұлттық музыка өнерін кеңінен насихаттау, дейді қонақтар.

Бақтыбек Тілегенов, дирижер (Қырғызстан Республикасы):

Қазақстандық оркестрдің құрамы жас болса да, өздерінің жоғары біліктіліктерін, таланттарын көрсетуде. Білікті мамандар көлемді бағдарламаны меңгеріп, көпшілікке өнерлерін паш етті. Форум аясында гала-концерт өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Мәдениет пен өнерге осындай қолдау білдірген жергілікті билік өкілдеріне, оркестр жетекшісі Шалқар Рысхановқа алғыс айтамын. Өз басым, қазақ еліндегі мәдени шараларға белсене қатысамын. Қазақ-қырғыз елінің ынтымақтастығы нығая түсіп, достығы жасай берсін!

Владимир Кончев, дирижер (Ресей Федерациясы):

Шығысқазақстандық оркестр жоғары кәсіби деңгейін көрсетті. Бірақ бұл оркестрмен күн сайын тынымсыз еңбек етіп жүрген бас дирижер Шалқар Рысханов пен екінші дирижердің жүйелі жұмысының нәтижесі екені анық. Олар ұжымның кәсіби шеберлігін үнемі жетілдіріп келеді. Меніңше, бұл оркестр – Шығыс Қазақстан облысының басты мәдени бренді. Мақтауға лайық жандарға қолдау көрсетіп, мүмкіндігінше кеңінен таныта түскен жөн. Жеке өз басым сіздердің ұжымдарыңыздың Ресейдің Алтай Республикасына барып, өнер көрсеткенін қалаймын. Көршілеріңіз сіздерді ерекше ықыласпен, зор қызығушылықпен қарсы алары сөзсіз.

Елдің түкпір-түкпірінен жиналған оркестр көрерменге ән мен күйден шашу шашты. Жиналған қауым төл өнерді дәріптеген кешке ерекше ықыластарын білдірді.


ДИДАР ЕРБОЛАТҚЫЗЫ