ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары шығыстағы ағайынның көкейінде жүрген өзекті мәселелермен танысып, аймақтағы ірі өндіріс орындарын аралап жүр. Бұл жолы аймаққа келген мәжілісмен Асылбек Нұралин Өскемендегі Үлбі металлургиялық зауытына барды. Өндіріс орнының тыныс-тіршілігімен танысқан ол, еңбек ұжымын толғандырған сауалдарға жауап берді.
Үлбі металлургия зауыты - аймақтағы ірі өндіріс орындарының бірі. Алғашқы өнім зауыт қоймасына 1949 жылы 29 қазанда түсті. Ал 1970-жылдардың басында өндіріс орны уран, тантал және бериллий өнімдерін өндіру бойынша әлемдегі алдыңғы қатарлы кәсіпорындардың қатарына енді.
АСЫЛБЕК НҰРАЛИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
Үлкен кәсіпорын Үлбі металлургия зауытында болып, көріп жатырмыз. Экскурсия барысында қарап шықтық бәрін. Техналогиялар әлемдегі ең жоғарғы техналогиялар. Бұл әлемдегі көп емес, 4-5 мемелекетте ғана бар технологиялар.
Зауыт жұмысымен танысқан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Асылбек Нұралин мамандар көтерген мәселелерді Парламенттегі әріптестеріне жеткізетіндігін айтты.
АСЫЛБЕК НҰРАЛИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
Біз заң шығарушы орган ретінде парламент заңдарға өзгерістер кіргізуге осы еңбеккерлердің әл ауқатын жақсартуға біз өз ұсыныстарымызды береміз. Президент Қасым-Жомарт Кемелевич қазір айтып жатырғой халықтың жағдайын көтеру керек. Ол үшін ең біріншіден эканомикамызды көтеру керек. Сондықтан осындай үлкен кәсіпорындар атсалысып, мына салық жағынан налог төлейді, салық. Соған байланысты біз өзіміздің ойымызды ортаға салып тағыда ақылдасамыз. Басшылармен кездесеміз.
Сапар соңында халық қалаулысы облыс орталығындағы бірқатар әлеуметтік нысанды аралады.
Кәусар Идаятқызы